Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мұражайдың негізін қалаушылар

Ляпустина Сания Низамедовна

 

1930 жылы 25 сәуір күні дүниеге келген. Лисаков қаласына Рудный қаласынан келген, ол жерде «Соколовскрудстрой» тресті мәдениет үйі директоры болып жұмыс істеген. Ляпустина С.Н - «Лисаковскрудстрой» трестіндегі «Құрлысшы» клубының директоры (1970-1978 жж.), Лисаков кен - байыту комбинатының тарихи - өндірістік мұражайының негізін қалаушы – директор (1980-1988 жж.).

Ляпустина С.Н  қала мәдениетінің қайнар көзі бастауында тұр. Ол жұмыс жасаған «Құрлысшы» мәдениет үйіндегі алғашқы концерттер, кештер мен қойылымдар – бұл жан дүние мерекесі болатын. Ляпустина С.Н. көңілі ашық, рухани бай тұлға болған. Ол Лисаков мәдениет қызметкерлерінің негізгі құрамын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Мұражай кабинетінде қайтадан жасалған экспозициялар Лисаков кен – байыту комбинатының, оған қоса қала құрылысы тарихын аша түсті. Мұражайдағы ауқымды экскурсиялық жұмыстардан басқа, жеке үлгіде клуб жұмысы іске асырылды. Ляпустина С.Н. жинаған Лисаков кен - байыту комбинатының және қаланың құрылыс тарихы туралы материалдар Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының алғашқы мұражай коллекциялары жинағына қойылды.

Ляпустина С.Н. бірнеше мәрте «Мәдени ағартушы мекемелеріндегі кәсіподақтарының жұмыс озаты» төс белгісімен, грамоталармен және дипломдармен марапатталған.

Лисаков қалалық халық депутаттары кеңесінің 1993 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. 1996 жылы Ляпустина С.Н. өмірден озады және Лисаков қаласында жерленген. 


 

Усманова Эмма Радиковна

 

     1958 жылы 28 қыркүйек күні Қарағандыда дүниеге келген. Усманова Э. Р.-  Е.А.Бөкетов атындағы   Қарағанды мемлекеттік  университетінің жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының ғылыми қызметкері, Лисаков археологиялық экспедиция жетекшісі (ЛАЭ), Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы экспедициясы авторларының бірі.

     1986 жылдан бастап Усманова Э.Р. Лисаков өңіріндегі қола дәуіріндегі ескерткіштерді зерттеуде. 70 - тен астам ғылыми жұмыстардың және төрт монографиялардың авторы. Өзінің қызметінде Еуразия даласының мәдени мұрасын сақтау мен мұражайландыру мәселесіне көп көңіл бөледі.

    Э.Р. Усманованың басшылығымен жүргізілген Лисаков археологиялық экспедиция барысында табылған ерте көшпенділер дәуірінің, ортағасыр кезеңіндегі қола дәуіріндегі артефакт коллекциялары, Лисаков Жоғарғы Тобол тарихы мен мәдениеті мұражайының басты және ең салмақты бөлігін археологиялық коллекциялар құрайды. Э. Р. Усманованың бастамасымен, оның тікелей қатысуымен Қазақстан халықтарының көп этникалық конгломератын көрсететін  көп өлшемді, бай этнографиялық коллекцияларын жинаған болатын. Э. Р. Усманова Лисаков музейінің көркемдік коллекцияларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты, оның беделінің арқасында мұражай қоры қарағандылық танымал суретшілер жұмыстарымен толықты.  Э.Р.Усманованың  туған жерінің сұлулығын аша түсетін Қазақстан табиғатын түсірген  авторлық фотосуреттері Лисаков мұражайы көрмесі кезінде бірнеше мәрте экспозицияланған. Э. Р. Усманова шетелдік әріптестерімен зерттеу жұмыстары жобаларында бірлесе жұмыс жасаған:  University of Exeter, Great Britain (2006–2008); University of Arizona, USA (2007–2008).  Қостанай облыстық Меценаттар клубының «Қазына» жүлдесінің лауреаты, ҚР Суретшілер Академиясының мүшесі. Грантты бағдарламаларының қатысушысы: Oxford Hospitality Scheme, Great Britain  (2004); United Nations Institute for Training and Research (UNITAR), Hiroshima, Japan (2005); Agnese N. Haury Visiting Scholar at Laboratory of Tree–Ring Research, University of Arizona, USA (2008); Cultural Heritage Preservation, The Institute of International Education, USA (2009). ЮНЕСКО-ның мәдени мұра ескерткіштерін консервациялау және сақтау Халықаралық  ұйымының және Халықаралық комитетінің мүшесі. Ол зерттеуші және ғалым ретінде, Будапешт, Ыстамбұл, Мәскеу,Санкт-Петербор, Казань, Ханты-Мансийск, Алматы, Астанада өткен халықаралық, отандық конгрестер мен конференцияларға қатысқан. Ұлы Дала тарихын БАҚ кең танымал етуде.

   1994 жылы қала мәдениетін дамыту міндеттерін шешуге үлкен үлес қосып, кәсіби қызметінде жоғары шеберлік танытқаны үшін, Э.Р.Усмановаға «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2015 жылдың желтоқсан айында Э.Р.Усманова «ҚР құрметті мәдениет қайраткері» атағымен мараптталды.

  


 

Жиляева Наталья Евгеньевна

 

     1956 жылдың 29 - шілдесінде Новосібірде дүниеге келген, 1967 жылы ата - анасымен Лисаков қаласына көшіп келеді. 1991 жылдың желтоқсан айында Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайының дербес бөлімімен меңгеруші лауазымына тағайындалды, 1999 жылдың ақпанынан 2015 жылғы шілде айына дейін Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының директоры болып жұмыс істеді.

     1991 жылдан 2015 жылдар аралығы Лисаков мұражайы үшін мұражайлар қорларын көбейтуге, негізгі мұражай коллекцияларын қалыптастыруға, мұражай беделін жасаудың қолайлы кезеңі болды. Мұражай екі рет өзінің мекен-жайын және екі рет мұражай экспозициясын толығымен өзгертті. 2001 жылдың тамыз айында «Улыбка» бала-бақшасы ғимаратында жаңа экспозиция ашылды. 2015 жылдың 28 - ші қаңтары  Лисаков дене шынықтыру және спорт орталығы ғимаратына көшкеннен кейінгі бес залдан тұратын мұражай экспозициясымен таң қалдырды. Н. Е. Жиляева –  қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған мұражай экспозициясы авторларының бірі.

     Лисаков мұражайы Н. Е. Жиляеваның басшылық етуімен жобаларды жүзеге асыруға арналған мынадай халықаралық гранттарға қол жеткізді:   «Дети в диалоге культур» (2000-2001) -  Сорос Қазақстан қоры грнаты, «Дети пишут историю» (2008) - Қазақстандағы Техникалық әріптестік қарым – қатынас жөніндегі Герман қоғамдық өкілі гранты, «Прерванная нить…?» (2008), «Бронзовая азбука или Путешествие в страну Андронию» (2011) -  Қарағанды қаласындағы «Дешт-и-Арт» заманауи өнер орталығы гранты.

     2008 жылы Екатеринбург қаласында III «Еуразияның мұражай жылы - 2008» Аймақаралық Қоғамдық ашық конкурсына қатысқан Лисаков Жоғарғы Тобол тарихы мен мәдениеті мұражайына «Жақын шел елдегі мұражай» номинациясы негізінде Алтын медаль  табыс етілді. Көрмелік және мәдени – білім берудегі белсенді қызметінің арқасында Лисаков мұражайы қаламыздың мәдени өмірінде өзінің қайталанбас орнын алды.

      Н. Е. Жиляева – көптеген республикалық деңгейдегі сертификаттар, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының, Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алғыс хаттар мен мадақтамалар иегері.

     Қазіргі мұражай келушілерге қызықты, заманауй жасалған мобилді түрінде танымал Лисаков мұражайы, Н. Е. Жиляеваның кәсіби және шығармашыл ізденімпаздығымен қосқан үлесі арқасында қалыптасты.